Бүгін Астанаға Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қабылдап, бірқатар сала бойынша екіжақты байланысты тереңдетуге келісті.

 

Әсіресе ауыл шаруашылығы мен медицина саласында, сондай-ақ жаңа технологиялар бағытындағы әріптестікті тереңдетуге күш салынбақ. Осы уақытқа дейін Израильдің бірде-бір Премьер-министрі Қазақстанға келмеген. Биньямин Нетаньяху елімізге ресми сапар жасаған бірінші үкімет басшысы. Дәстүр бойынша ол әуелі Ақордаға атбасын тіреді.

Мәртебелі мейманды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. Қол алысты, құрмет жасасты. Қазақ елінің көшбасшысы Биньямин Нетаньяхуды жылы қарсы алды. Шақыртуды қабыл алып келгеніне алғыс айтты. Тәуелсіздіктің 25 жылында екі ел достық қатынасты сақтап келе жатқанын айтып, бұл байланысты берік етуге ниетті екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Все эти годы между Казахстаном и Израилем сохранялись добрые отношения. Большая еврейская диаспора, проживающая в Казахстане, и казахстанская община в Израиле – это мост для конструктивных отношений между нашими народами. Надеюсь что данный визит придаст хороший импульс.

Еврей елінің үкімет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келіп отырғанын қуанышпен хабарлады. Мерейлі мерекемен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады. Екі елдің баянды болашағы үшін тартынып қалмайтынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Премьер-министр: «Бірнеше салада әріптестік орнатуға барынша әзірміз», – деді. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль мемлекетінің Премьер-министрі

-Қазіргі кезде әлем үлкен өзгерістерді бастан өткеруде. Қауіпсіздік саласында көптеген сын-қатерлер пайда болды. Сонымен бірге бұл өзгерістер негізінен экономиканың кез келген саласымен тығыз байланысты жаңа технологиялардың зор мүмкіндіктеріне жол ашуда.

Осы жылдың қаңтар және қыркүйек айларында екі елдің тауар айналымы 237 миллион долларға жетті. Бұл қос елдің көздеген межесі емес. Өйткені екі елдің де әлеуеті әлді. Бізде шикізат және ауыл шаруашылығы өнімдері баршылық. Ал Израиль өңдейтін технологияға бай. Осыдан-ақ бірлесіп жұмыс атқару жүйесінің жолы көрініп тұрғаны анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сельское хозяйство является нашей главной точкой соприкосновения. Я вам об этом уже сказал. У нас уникальные условия для ведения сельскохозяйственного бизнеса. А у Израиля есть передовые технологии. Я благодарен, что мы создадим совместную комиссию, отработаем конкретный договор по этим вопросам. Переработка всех видов продуктов, экономное орошение земли – это то, что мы хотели бы перенять.

2005 жылдан бері Израильдің Қазақстанға құйған инвестициясы – 213 миллион доллар. Соның күшімен 270 кәсіпорын бой көтерген. Олар қазір табысты жұмыс істеп тұр. Бәрі озық технологияның күшімен. Оларды қазақстандық мамандар игеруге әзір. Тек техниканы үйреніп қоймай, өзімізге қолдануға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Израиль является мировым лидером в области инноваций передовых технологий, а Казахстан обладает богатыми сырьевыми ресурсами. По программе «Ресурсы в обмен на инвестиции и технологии» мы тоже с Вами сегодня обговорили этот вопрос. Договорились, что прибудет специальная группа казахстанских экспертов и мы начнем готовить такое соглашение.

Ең үздік дәрігерлер қай елде дегенде, әрине, әуелі ойға Израиль оралады. Рас, еврей елінің ақхалаттылары алдына жан салмайды. Оны бәрі біледі. Сондықтан бәрі солардан үйреніп қалуға талпынады. Осы уақытқа дейін 1000 қазақстандық дәрігер Израильге барып біліктілік арттырып келген. Оның сыртында еврей дәрігерлерінің қатысуымен елде 300 шеберлік сағаттары өткен. Мұның бәрі біздегі емдеу әдісіне оң әсерін беріп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-То, что мы построили здесь в Астане, очень нравится вашим врачам. Мы должны расширить это сотрудничество. Мы в связи с этим готовы рассмотреть возможность передать в доверительное управление ряда университетских клиник израильским организациям. Поэтому, господин Премьер-министр, вот эти важные договоренности, которых мы достигли, договорились с Вами, являются отличным пунктом нашего сотрудничества. Спасибо, что Вы это поддержали.

Израиль халқы да озық технологияны көктен алмаған. Олар да өзгелерден үйрену арқылы осы деңгейге жеткен. Мәселен, Израиль жастары Америка Құрама Штаттарының селикон жазығынан дәріс алып, оны өз елдерінде қолданысқа енгізген. Жоғарғы технологияның табысты орталығынан алған тәжірибесін олар қазір бізбен бөлісуге әзір. Биньямин Нетаньяху, Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі -Бүгінде Қазақстандықтар ғылым мен технологияға баса назар аударғаны ләзім. Егер сіздер бізге математик жастарды, ұлдарды және қыздарды жіберсеңіздер, олар біздің мамандармен бірге жұмыс істеп, көп тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бірлескен келісім болады. Сол құжат негізінде қазақстандық мамандар екі, үш жыл бізде өмір сүріп оқуына негіз туады. Сондай-ақ екі ел алдағы уақытта әскери бағытта байланысты ширатады. Терроризмге қарсы күресу үшін қос елдің әскерилері де тәжірибе алмасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы договорились, что будем поддерживать регулярный политический диалог по всем спектрам деятельности. Особенно мы обсудили вопросы борьбы с терроризмом - совместные, оказание поддержки, обучения наших специалистов и сотрудничество спецслужб по выявлению и обезвреживанию таких актов, которые могут происходить в любой из наших стран.

Осы сөздер алдағы уақытта іске асу үшін бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылады. Олар айқын жоспарларды дайындайды. Соның негізінде екі ел байланысты мықтайды. Осындай арақатынасты нығайтуға Елбасы көп күш жұмсап жатыр. Мұны Биньямин Нетаньяху ескереді және Қазақ Президентін құрметтейді. Өйткені біз – оларды байланысқа шақырған Орталық Азиядағы бірінші мемлекетпіз.

Биньямин Нетаньяху, Израиль мемлекетінің Премьер-министрі

-Сіздер Израильді қабылдап отырған бірінші мұсылман мемлекетсіздер. Және бізбен тығыз қарым-қатынас орнатуға бейілсіздер. Сіздердің бұл қадамдарыңыз әлемге үлгі болады. Сіздердің бұл жолдарыңызды басқа елдерде жалғайтынына сенімім мол. Сондықтан біз үшін бұл болашаққа деген үлкен сенім, үміт.

Айта кету керек, Израиль Еуразиялық экономикалық Одақпен арадағы еркін сауда аумағына қатысуға қызығушылық таныттты. Президент Қазақстан ұйымға төраға ретінде қолдайтынын жеткізді. Алдағы уақытта олар да ұйымға кірсе, біздің экономиканың жаңа мүмкіндігі ашылады. Себебі Қазақстандық өнімді жақын мен қатар алысқа да саудалаймыз.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер