Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қазақстандық пен америкалықтың достығы туралы бейнеролик түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Бұл - Қазақстан мен АҚШ-та тұратын екі достың тарихы. Балалар ҚР Тәуелсіздігінің және АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құрдас. Екі елдің достық тарихы адами қарым-қатынас арқылы көрсетілген», - деді Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының баспасөз қызметі.

 

Джейк пен Ерсұлтан  Қазақстан егемендік алған 1991 жылы туған. Олар Астанада танысады. Джей Астанада тұрады және орыс тілін үйреніп жүреді. Ал Ерсұлтан екі рет Құрама Штаттарға барған және Астанадағы халықаралық компанияда жұмыс істейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер