Қытайдың жасыл технология саласында жұмыс істейтін ірі компаниялары ЕХРО көрмесіне қатысуға ниетті. Шетелдік кәсіпкерлерді осы елге сапарлап барған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырды. Қазақстандық делегация ірі сауда экономикалық, қаржы орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласына барып, баламалы энергия, жасыл теxнология саласында жұмыс істеп жатқан ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Тың теxнологияларды «Астана-ЕХРО» көрмесінде таныстыруға шақырды. Сондай-ақ, сапар барысында делегация Қытай халықаралық мәселелер институтына барды. Сенат Төрағасы жергілікті ғалымдар мен саясаттанушылардың алдында сөз сөйледі. Ол қазіргі халықаралық жағдайларға терең талдау жасады. Және Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің маңызды тетіктеріне тоқталды.

 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда екі ел көшбасшыларының қамқорлығымен біздің елдеріміз жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жобалар Қазақстан-Қытай екіжақты қарым-қатынастарының аясынан шығып, құрлықаралық байланыстардың салмақты факторына айналды.

 

Сапар барысында Сенат Төрағасы бастаған қазақстандық делегация Қытай премьері Ли Кэцянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер