Ақтауда индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында жергілікті тауар өндірушілердің қатары жаңа зауыттармен толықты. Енді отандық тауарлар «Қазақстанда жасалған» брендімен экспортталады. Бағдарлама бойынша биыл тоғыз жоба іске қосылады. Жалпы құны – 167,3 млрд теңге. Қаражаттың 86 млрд теңгесі төрт жобаны іске асыруға жұмсалған. Нәтижесінде 1 мың 479 жұмыс орны ашылды. Мемлекет қолдауымен қуатын еселеген кәсіпорындардың бірі – шыны талшықты құбырлар шығаратын зауыт. Темірге қарағанда орнатылуы тез, әрі салмағы да жеңіл. Жақында өндіріс орнында үшінші цех іске қосылады. Олар шығаратын өнімдер арнайы көрмеден орын алды.

 

УӘЛИХАН НАУШАРБАН, ЗАУЫТТЫҢ МАМАНЫ:

Мұнай саласында қолданылады. Қазіргі уақытта ең жоғары қысымды көтере алатын құбырлар. 2016 жылға дейін зауыт 3500 км-ден астам құбыр шығарды. Биыл зауытты кеңейту мақсатында үшінші цех іске қосылғалы тұр. Жұмыс қуатын екі есе арттырады және де жұмыскерлер санын көбейту үшін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер