Алматыда «Мәңгілік ел –ұлттық бірлік, рухани және тұрақты дамудың стратегиялық бағыты» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға Ресей, Беларусь, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстанның танымал ғалдымдары және еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Шетелдік сарапшылар ұлттар бірлігінің қазақстандық үлгісінің артықшылықтарын атап өтті. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы - мемлекеттік дамудың кепілі», -дейді ғалымдар.

 

НИНО ЧИКОВАНИ, МӘДЕНИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ГРУЗИЯ/:

Қазақстан этностардың бірлігін сақтаудың өте ұтымды жолын, осы саналуандылықты проблемаға емес, байлыққа айналдырудың жолын тапқан. Біз де осы бағытта ізденіп жатырмыз. Біртұтас халыққа бір мемлекеттің азаматтары екенін сезіндіру өте маңызды.

 

ТҰРСЫН ҒАБИТОВ, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Мәңгілік ел ұлттық идеясын Елбасымыз, Президенті өзінің 2050 стратегиясында негіздеп берген. Конференцияда осы «Мәңгілік ел» идеясы өнер, мәдениет саласында қалай жүзеге асатындығы, қалай жүзеге асыруға болатындығы қарастырылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер