Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы жайлы деректер енді мультимедиялық форматта да қолжетімді бола түсті. Astana25.kz сайтында ширек ғасырда орын алған айтулы оқиғалар толықтай қамтылған.

 

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, АСТАНА Қ. ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өте қызықты жоба деп ойлаймыз. Өзінің іздеген жылын басып керекті материал алады деп ойлаймын.

 

Мұрағат материалдарын топтастыруға бір жарым ай уақыт кеткен. Жобаны жасаушылар құжат, фото және бейне кадрлар оқу барысында қолданылатын танымдық тамаша әдістеме дейді. Оның мүмкіндігі шәкірттердің көңілінен шығып отыр. 

 

Қазыбек ДӘУЛЕТҰЛЫ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ СТУДЕНТІ:

Презентацияны көріп, көптеген мәлімет алдық. 1991 жылдан бастап 2016 жылға дейін біз білмейтін тарихы да бар екен Астананың. Соларды білмейтінімізді көріп қуандық.

 

Астана25.кз сайты үш тілде жасалған. Алдағы уақытта жоба тың деректермен толығып, қолдану аясы кеңейе түспек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер