Қазақстан мен Чехия энергетикалық әріптестік орнатуды көздейді. Елімізге арнайы келген чехиялық делегация бұл саладағы өздерінің озық технологияларын ұсынып отыр. Энергетикалық конференцияға аталған елдің 30-дан астам жетекші компаниясының өкілдері қатысты. Ауқымды кездесу нақты келісімдермен аяқталды. Конференцияда чехиялық өндіруші «Mavel» мен энергетика саласындағы отандық ірі компания – «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» арасында әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

 

Здэнек ЗБЫТЭК, «CZET-ЧЕХИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУШІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КОНСОРЦИУМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тиісті меморандумға қол қойылды. Жоба өте ауқымды. Келісім-шартқа «EXPO-2017» көрмесі барысында қол қойылады деген сенімдеміз. Қазақстанда заманауи шағын және орта гидроэлектр стансаларын салуды жоспарлап отырмыз.  

 

Сондай-ақ, кездесу барысында шетелдік бизнесмендер Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша тәжірибе бөлісуге дайын екендерін жеткізді. Әсіресе, көмір электр станцияларын модернизациялауда тың технологияларымыз бар, дейді чехиялықтар. Қазақстандық тарап болса, елдің «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен «EXPO-2017» көрмесі қарсаңында энергетика саласындағы Чехияның 20 жылдық тәжірибесінің  аса пайдалы боларына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер