Еуразиялық экономикалық одақ ағымдағы жылы негізгі серіктестерімен және аймақтық бірлестіктермен ынтымақтастық аясын кеңейтті. Қазірдің өзінде Вьетнаммен еркін сауда аймағы жұмысқа кіріссе, Израиль, Иран, Сингапур сияқты елдермен осындай байланыс орнатуға келіссөздер жүргізіліп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақтың екінші жылдағы жұмыс нәтижесі, экономикалық интеграция және одаққа мүше елдердегі бизнесті дамытудың өзекті мәселелері Мәскеуде өткен үшінші Еуразиялық экономикалық конгресте талқыланды. Үндістан, Камбоджа мен Еуропалық Одақ бизнес қоғамдастықтарының өкілдері де Одақпен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді. Айта кетейік, биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуде.

 

Татьяна ВАЛОВАЯ, ЕЭК ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКА БОЙЫНША МИНИСТРІ:

Аударма Қазақстан ұсынған маңызды бастамалар үнемі басқа елдердің тарапынан қолдау табады. Осы жылдың басында Қазақстан Президенті төрағалық ету бойынша бағдарламасын ұсыныды. Негізгі сауда-экономикалық серіктестермен  және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту жылы деп жариялады. Аталған бағытта бірталай шаруа атқарылды. 

 

Оңтүстік Корея елі де Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда айналымын енгізуге мүдделі. Бұл Корея мен Орталық Азия елдерінің арасындағы тауар айналымын біршама арттыруы тиіс. Сарапшылардың пікірінше, әлем экономикасы өсімінің баяулауына байланысты Корея мен Орталық Азия елдерінің арасындағы тауар айналымы төмендеген. Еуразиялық экономикалық одақпен арадағы келісім осы іркілісті жылдамдатуға септігін тигізеді. Әсіресе, Қазақстан және Қырғызстанға тиімді болмақ. 

 

Ким ХАК ДО, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП, САУДА ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КӨЗДЕРІ МИНИСТРІ:

Оңтүстік Корея мен Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда келісіміне қол жеткізуі Орталық Азия елдеріне институционалдық инвестицияның негізін қалауға және баж салығын азайтып, кедендік кедергілерді реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Корея Қазақстан мен Қырғызстаннан жоғары сапалы еңбек көзін тарта алады. Энергетикалық көздерді пайдаланып оларды қайта өңдеп, үшінші мемлекетке экспорттау мүмкіндігін алады.

 

АҚШ-тың бизнес қауымдастығыда Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық құруды діттеп отыр. Қос тарап қарым-қатынасының болашағы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы мен Американың Ресейдегі  сауда палатасының бірлескен  отырысында талқыланды. Сондай-ақ, қаралған тағы бір мәселе - ұйымның жаңа кедендік кодексі. Ондағы тиімді ереженің басым бөлігі Қазақстан тарапынан енгізілген.  Кедендік кодекс қағазбастылықты қысқартып, заманауи технологияларды қолданып, кедендік рәсімдерді автоматтандыру және жеңілдетуге жол ашады. Соның нәтижесінде құжат рәсімдеу уақыты үш есеге қысқармақ.

 

Тигран САРКИСЯН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осының бәрі бизнес ортаны жетілдіруге,  шығындарды қысқартуға бағытталған және экономикалық өсу мүмкіндігін бермек. Қазақстан Экономикалық бірлестіктің негізгі қозғаушы күші екенін атап өту қажет. Экономикалық бірлестігін құру мәселесін алғаш  болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  көтергені баршаға мәлім. Қазір аталған концепция Қазақстанның белсенді атсалысуымен  табысты жүзеге асып жатқанын  көз көруде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер