Алматыда 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды. Мұнда билет сатып алуға, ауыстыруға, қайта өткізуге, билет сатып алғаныңыз жөнінде есеп қағазын алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады. Одан бөлек, жарыстардың өту кестесімен танысып, спорт нысандарының қайда орналасқанын білуге болады.

 

Мұрат МҰТЫРҒАНОВ, УНИВЕРСИАДА ЕЛШІСІ:

Менің байқағаным билет алушылар көп. Мен де алғашқылардың бірі болып шайбалы хоккейге билет алдым. Енді 10 желтоқсаннан бастап барлық спорт түрлеріне билеттер сатыла бастайды. Қолымда Универсиаданың күнтізбесі де бар.

 

Универсиаданың барлық сайыстарына билеттер сатылуда. Жастардың жаһандық жарысы Алматы қаласында қаңтардың 29-ынан ақпанның 8-іне дейінгі аралықта өтеді. Оған әлемнің 57 елінен 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Ауқымды шараға 30 мыңға тарта шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Алматы универсиадасын әлемнің 80 елінде 1 млрд көрермен тамашалайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер