«Тас жүрек» мультфильмінің кейіпкерлері – елордада. Бейбітшілік және келісім сарайында «Сиқырлы шоу» қойылымының премьерасы өтті. Жоба авторларының айтуынша, қойылым мультфильмнің көшірмесі емес, түпнұсқа туынды. Екі ханшайымның бастан кешкендерін баяндайтын мюзиклда заманауи технологиялар, интерактивті сахна және ерекше костюмдер үйлесім тапқан. Оны сахналауға барлығы 65 артист қатысты.

 

Андрей ЕРЕМИН, ЖОБАНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

Қойылымның басынан аяғына дейін бейнедекорация қолдандық. Бұл - заманауи технология. Яғни көрермен өзін мультфильм көріп отырғандай сезінеді. Ерекшелігі сол - ертегі кейіпкерлері - тірі адамдар. Бұл сонысымен де қызықты болды. Екі жанрдың қосындысынан туындаған ерекше қойылым».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер