Таяуда Алтынкөл стансасы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арқылы Қытайдан Еуропаға бағыт алған мыңыншы пойыз өтті. Оның кедендік рәсімдеуіне бар-жоғы 55 минут кетті. Мұндай қарқынмен арнайы аймақ Қазақстан экономикасын жандандырып қана қоймай, әлемдік сауданы да дамыта түсері сөзсіз. «Қорғас-Шығыс қақпасы» экономикалық аймағының бас операциялық директоры Хишам Белмаашидің айтуынша, жақында Қорғаста Қытайға экспортталатын Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өзге де тауарларын рәсімдейтін карго терминалдың құрылысы басталады. Экономикалық аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Әкімшілік кедергілер жоқ. «Қорғас-Шығыс қақпасының» қарқынды дамуына Астанада өтетін ЕХРО көрмесі де септігін тигізбек.

 

Хишам БЕЛМААШИ, «ҚОРҒАС-ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА БАС ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

«Қорғас-Шығыс қақпасы» тек Қазақстанға ғана қызмет көрсетпейді, жалпығаламдық сауда саттықтың дамуына үлес қосады. Арнайы экономикалық аймақ Ұлы Жібек жолының үлкен мүмкіндіктеріне қарай инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Оған мысал - әлемдік танымал тауар өндіруші Hewlett Packard (HP) сияқты компаниялар Қорғас арқылы өз өнімдерін Азиядан Еуропаға тасымалдай бастады. Қазір қытайлық инвесторлар да біздің инфрақұрылымға қызығушылық танытып отыр.

 

Халық Республикасы іскерлерінің «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына инвестиция салу ниеттері туралы Бейжіңде Қазақстан үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминмен кездесуде де айтылды.

 

Дин ЖУЙ, «ЛЯНЬЮНЬГАН ПОРТ» КОМАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Азия мен Еуропаны жалғайтын жүк дәлізін бірлесіп саламыз деген ойдамын. Біз осы арқылы сауда айналымды арттырып, Орта Азия елдеріне теңізге шығу мүмкіндігін жасаймыз.

 

Аспан асты елінің Люньюнгань сынды сегіз қаласы қазақстандық теміржолмен жүк тасымалын таңдаған. Мамандардың есебінше, 2025 жылы темір жол арқылы тасымалданатын тауардың көлемі артып, жылына миллион жүк пойызы рәсімеделетін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер