Әзірбайжан және Иран теңіз порттары арасында байланыс мығым. Каспий маңындағы өзге де елдермен әкімшілік кедергілердің азаюы «Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында халықаралық сауданың дамуына жол ашты. Мысалы, Ақтау айлағы былтыр «Бір терезе» қағидасына көшкелі бері құжат рәсімдеу уақыты 10 сағатқа қысқарды. Жүк тиеу-түсіру жұмыстары екі сағаттан аспайтын болды. Пароммен жүк көліктерін қабылдау-жөнелту көлемі де өскен. Бұрын 700-дей су көлігі шетел асса, қазір айлық көрсеткіш 1 мың 500-ге жеткен. Қазақстанның транзиттік әлеуетінің артуы тауар тасымалдаушыларды да қызықтырып отыр. 

 

ВАХИД АЛИЕВ, БАКУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ПОРТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Баку айлағына «Бір терезе» қағидасын енгізуге біршама уақыт кетті. Қазақстандық әріптестер біз жеткен белеске қысқа мерзімде қол жеткізді. Бұл тұрғыдан екі порт әлеуеті теңесті деуге болады.

 

МИХАИЛ ЯЛБАЧЕВ, АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл бізде металл жөнелту көлемі артады. Бұрын орта есеппен айына 100 мың тонна металл тиеп, жөнелтсек, соңғы айларда 160-170 тоннаға шықтық. Айлақтың әлеуеті бұдан да көп көлемге жетерлік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер