2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО көрмесіне орай Көкшетауда «Ақмола Power» және «МиниЭкспо-2016» көрме-байқаулары өтті. Оған 40-қа жуық өнертапқыш қатысты. «Ақмола Power» байқауына тек жеткіншектер қатысса, «МиниЭкспо» көрмесінде жасқа шектеу жоқ. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара, биыл сәулет және құрылысты жобалау тақырыбына арналды. Әсіресе, мектеп оқушыларының өнер туындылары таңдай қақтырды. Мәселен, Әдият Рахметулин, болашақта ғалым болуды армандайды. Ол осыған дейін жел мен күн көзінен электр қуатын алуды ойлап тауыпты. Қазіргі жобасы да сарапшылардың оң бағасын алды.

 

ӘДИЯТ РАХМЕТУЛЛИН, ҚАТЫСУШЫ:

Бұл – су электр станциясы. Ол, су толқындары арқылы генераторды айналдырады. Ол генераторлар айналғаннан кейін, кабель арқылы подстанцияға энергия жеткізеді. Содан кейін ол тағы ток кабелі арқылы үйді жарықпен қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі кезде әрі арзан, әрі тиімді бола алады. 

 

МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Біз осы байқаудан жеңген жобаларды жергілікті кәсіпкерлерге таныстырып, бұл инновациялық идеялардың қаржылай қолдау табу жолдарын қарастырамыз. Одан бөлек, елімізде осындай ерекше жобаларды қаржыландыратын дамыту институттары бар. Олардың да назарына ұсынамыз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер