Көне Түркістан түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жарияланды. Сөйтіп, киелі шаһар елордамыз Астана, Түркияның Ескишехир, Түркменстанның Мары, Әзербайжанның Шеки қаласынан кейін мұндай мәртебеге лайық деп танылған бесінші қала атанды. Бұл шешім Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің 34-отырысында бірауыздан қабылданды. Алқалы жиынға Ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Басқосуда ұйымның бір жылда атқарған іс-шаралары сараланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

 

Кемал ЧЕЛИК, ТҮРКИЯ ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ:

Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұндай мәртебеге ол әбден лайық. Енді Түркістанға жиі-жиі қыдырып баратын боламыз. Бұл әрине, қаланың тыныс-тіршілігі мен туристік әлеуетінің артуына зор мүмкіндік ашпақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер