Қазақстанда жарты тоннадан астам қан өткізген рекордтық көрсеткішке ие донор бар. Cегіз мыңдық шыңдарды 14 мәрте бағындырған ең жас альпинист те біздің отандасымыз. Ал кеудесіне 10 келіден артық металл бұйымдарды жабыстыра алатын магнит-әйел Орал қаласында тұрады. Осындай ерекше тұлғалар мен үздік көрсеткіштер бір жерге жинақталды. Алматыда әр саланың үздіктері тіркелген рекордтар кітабының жаңа басылымы жарыққа шықты.

 

Мұқағали ақынның «Мен донормын» өлеңі өмірлік ұранына айналған Александр Скаковский осы уақытқа дейін жарты тоннадан артық қан өткізген. Қазақстандағы нөмірі бірінші донор 1051 рет қан тапсырғанын айтады. 45 жыл бойы талай жанға көмегі тиген 70 жастағы қарияға көптің қошеметі де ерекше, деп хабарлайды Қазақпарат.

 

Рекордтық көрсеткіші бар отандастарымыз қатарында спортшылар да, альпинистер де бар. Тіпті, әлемде теңдесі жоқ дәрігерлер отбасы да рекордтар кітабына енген. Алматылық Дудаевтар отбасында 28 тіс дәрігері бар екен. Ал 76 жастағы Жан ата ішкі қуаты арқылы адам сенгісіз әрекеттер жасаса, Жамали Диханұлы 6 метр биіктікте 300 өткір пышақтың үстімен жүріп өткен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер