Қашаған кен орнында жыл аяғына дейін 1 млн тонна мұнай, 680 млн текше метр газ өндіріледі. 2017 жылы көрсеткіш 9 миллион тонна мұнай және 5 млрд текше метр газға жеткізілмек. Бұл туралы Атырауға жұмыс сапары барысында мұнай саласының өкілдерімен кездескен мемлекет басшысына еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. Елбасы Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралы-теңіз операциялары орталығының жұмысымен танысты. Қыркүйектің соңында осы аралдан «Болашақ» зауытына көмірсутек жөнелту ісі басталды. Қазіргі уақытта кен орнында тәулігіне 100-120 мың баррель мұнай өндіріледі. Оны 180 мың баррельге жеткізу көзделген.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қашаған –Қазақстан халқына, атыраулықтарға, барлығымызға үлкен қуаныш. Еліміздің дәрежесін де, жағдайын да көтереді деп есептейміз. Қазір, әрине мұнай мен газдың бағасы төмендеп тұр. Дегенмен, болашақта талай онжылдықтар алдымызда. Мұнай да керек болады, газ да керек болады, бағасы да көтеріледі Осы қуанышпен барлықтарыңызды құттықтаймын!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер