Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің экспорттау орталығы құрылады. Ол Азық-түлік корпорациясының базасында жұмыс істейді. Экспорттық бағытта органикалық өнімдерге басымдық берілмек. Қазір еліміз бойынша осындай тауарды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдаумен айналысатын 30-ға жуық компания бар. Сыртқы нарыққа сиыр, қой еті мен астық, бұршақ, майлы дақылдар және жеміс, көкөніс шығару жоспарланған. Ал шетелдіктер шұбат пен қымызға қызығып, қазақтың ұлттық сусыны сұраныс артқан.

 

Олжас АУСАБАЕВ ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мысалы қазірден бастап Қытайдан түйе және жылқы сүттеріне құрғатылған күйде сатып алуға қызығушылық білдіріп отыр. Олар құрғатылған қымыз бен шұбаттан дәрі дәрмек жасауды көздейді.

 

Қазақстанды органикалық табиғи өнім шығарушы ел ретінде әлемге таныстыру мақсатында экспортқа бағытталған қазақстандық үш бренд әзірленді. Олар: «Qazaq Organic Food», «Халал» және «Ет бренді». Аталған үш бренд Қытай, Ресей, Иран аумағында жіті үгіттеледі. Бұл міндетті мемлекет өз мойнына алған. Қазіргі кезде ішкі нарықта аты танылған 11 компания іріктеліп, оларды шетелдік тұтынушыға таныстыру жұмыстары басталып кетті. Отандық брендтің қалыптасуы қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығуын едәуір жеңілдетеді.

 

Тимур НҰРАШЕВ, ҚР ИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Іріктелген бұл брендттер стратегиялық мәнге ие, нақты бір нарыққа бағытталған. Жоба экспорттық әлеуетті арттырып, елімізді органикалық табиғи өнім шығарушы мемлекет ретінде танытады деп сенеміз.Келер жылы да бұл жұмыс жалғасын табады. Және жаңа жылдан бастап біз өзге де салаларды саралап, қазақстандық бренд қалыптастыруға болатын тауарлар жиынтығын қалыптастырамыз.

 

Бүгінгі күні Қазақстан әлемнің 120-ға жуық еліне мыңға тарта тауар түрлерін экспорттап отыр. 1 800 отандық экспорттаушы өз өнімдерін шетелге жеткізуде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер