Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдайды. Жоба 2017-2021 жылдар аралығында жүзеге асуы тиіс. Бағдарлама біріншіден, астық алқабын 2,3 млн гектарға азайтуды көздейді. Оның орнына майлы дақылдар көптеп өсірілетін болады. Осы ретте ішкі қажеттілікті қанағаттандырумен қатар, сыртқа шығаруға да назар аударылмақ.

 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Бүгінде азық-түлік корпорациясы бидай дақылдарының бірқатар түрлерін дайындаумен ғана айналысады. Ал енді экспорттық нарықта сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша жұмыс жүргізбек.

 

Қайта өңдеуді ұлғайту, ішкі нарықты дайын өнімдермен қамту – бағдарламаның басты бағыттарының бірі. Ол үшін республика бойынша 1200 кооператив құрылады.  Жоба жемісті жүзеге асса, ауыл халқы өз өнімдерін сату арқылы 300 млрд теңге табыс табуы тиіс.

 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70-90 пайызы қосалқы шаруашылықтар өндіріледі. Ал, ол өнімнің бәрі зауыттарға жеткізілмейді. Соның салдарынан қайта өңдеу көрсеткіші 30 пайыздан аспай отыр. Оның үстіне  қазір елімізде 400-ден астам қайта өңдейтін кәсіпорын бар. Олардың жүктемесі 20-60 пайызға ғана құрап отыр.

 

Бағдарлама мақсаттарының бірі – ет экспортын ұлғайту. Соның ішінде, 2021 жылы сиыр етінің экспортын 6 жарым мың тоннадан 70 мың тоннаға дейін арттыру көзделген. Қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетпек. Ал құс еті, сүт өнімдері, өсімдік майы, жеміс-көкөніс, қант өндірісіндегі отандық үлес артатын болады. Міне, осындай міндеттерді арқалаған бағдарлама жыл аяғына дейін пысықталып, жаңа жылда ол бойынша жұмыс басталуға тиіс. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер