Түркияда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. Атаулы датаға орай мерекелік концерт өтті. Кеште Жеңіс Ысқақова, Рамазан Стамғазиев және «Қоңыр» тобы өнер көрсетіп, атажұрттан жырақта жүрген қандастарға керемет көңіл-күй сыйлады. Мерейлі мерекемен тек қазақ диаспорасы ғана емес, түркиялық саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері де құттықтай келген. Олар ширек ғасыр ішінде Қазақстан дүниежүзіне кеңінен танылып, абыройы зор, мәртебелі мемлекетке айналғанын ерекше атап өтті.

 

ОСМАН ҚҰМАНДАН, ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Не деген көп кісі. Іште де, сыртта да толып отыр. Өйткені олар Қазақстанның 25 жылдығын құттықтауға арнайы келіп отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тек Түркияда, Ыстамбұлда емес, бүкіл дүниежүзінде, қазақ бар жердің барлығында тойлануда.

 

ТАЛҒАТ МАМАШЕВ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ыстамбұл қаласында тұратын қандастарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, салтанатты жиын өткізуге ұсыныс беріп, бізді шақырғаннан кейін Қазақстаннан бір топ өнер адамдарын бастап осында келіп отырмыз. Бүгін Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді.

 

Түркияда Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай көптеген шаралар өткізілуде. Мысалы, Ыстамбұл мен Анкара қалаларында қазақстандық қылқалам шебері Гүлмарал Тәтібаеваның сурет көрмелері өтті. Көпшілік назарына суретшінің таңдаулы туындылары ұсынылды. Олар көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен қазіргі Қазақстанның өсіп-өркендеуіне арналған.

 

ГҮЛМАРАЛ ТӘТІБАЕВА, СУРЕТШІ:

Бұл көрме әлемнің ең үлкен мәдени орталығы - Ыстамбұл қаласында өтіп жатыр. Осыған қуаныштымын. Осы жердің туристерді көрмеге келіп, тамашалап, Астананың пейзаждарын көріп, біздің елімізге «ЕХРО-2017» көрмесі үшін келеді деп ойлаймын.

 

САЛИХ ДОҒАН, «ТОПКАПЫ» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢСЕ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Топкапы» мәдениет орталығында көрме өткізудеміз. Ел назарына қазақ халқының мәдени байлығын, елдік мұраты мен күш-қуатын айшықтаған өте әсерлі туындылар ұсынылды. Сондықтан бұл айтулы шараны жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік туристер, Ыстамбұлда білім алып жүрген түркітілдес елдердің 8500-ге жуық студенттері мен өзге де қылқалам шеберлері келіп, тамашалайды деп ойлаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер