Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру» телекөпірі барысында 23 ірі жоба іске қосылды. Олардың арасында көлік-логистикалық, өнім өндіру және өңдеу салаларындағы жобалар бар. Нұрсұлтан Назарбаев олардың жұмысын бастауға пәрмен беріп, тұсауы кесілген қай өнеркәсіптің болмасын индустрияландыру саласын алға бастыруда маңызы үлкен екенін атап өтті.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қарағанды металлургия комбинаты – отандық қара металлургияның тұңғышы жылына 6 млн тонна болат өндіру қуатына шығуға тиіс. Ең үлкен төртінші домна пешінің күрделі жөндеуден кейін іске қосылуы осы мақсатқа қол жеткізері анық. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көлік жолдарына басымдық беріліп отыр. «Құрық» порты –  Кавказға, Еуропаға шығар жолымыз. Бұл - ұзақ уақыт күткен жоба, еліміздің дамуына, индустрияландыру үшін өте қажет жоба, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында осындай жетістікпен барлықтарыңызды құттықтаймын!

 

Айта кетейік, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 90 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал осы жылдың 10 айында 179 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асты. Карта жобаларын іске қосу арқылы ай сайын 160 млрд теңгенің өнімі өндіріледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер