Астанада құрылыс саласына экологиялық таза материалдар шығарумен айналысатын өндіріс іске қосылды. Польшаның ірі холдингі бұған дейін әлемнің 15 елінде құрғақ арнайы құрылыс қоспаларын шығаратын зауыттарын ашқан. Қазақстанда өндірілетін құрылыс материалдарының 40 пайызын Орталық Азия және Ресей елдеріне экспорттау көзделуде. Жоба құны 3 млн АҚШ долларынан асады. Нысанды іске қосу 70 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорын өнімі ғимараттарды жылыту үшін де қолданылады. Қазақстандық үлес - 80 пайыз шамасында.

 

КШИШТОФ ДОМАРЕЦКИ, ХОЛДИНГТІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /ПОЛЬША/:

Цемент, құм және кейбір химиялық қоспалар - қазақстандық өнім. Әрине, Қазақстанда шығарылғандықтан, бағасы импорттаудан гөрі әлдеқайда төмен. Бұл жердегі өнім мен Еуропада шығарылатын қоспалардың сапасы бірдей болады. 

 

БОРИСБИЙ ЖАНҒҰРАЗОВ, «KAZNEX INVEST» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Жоба арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Бұл жерде бірқатар инвестициялық және салықтық жеңілдіктер бар. Бұған дейін инвестор өз өнімдерін Қазақстанда сатқан болатын. Алайда енді қуаттылығы жылына 120 мың тонна болатын зауыт ашылып отыр. Алдағы уақытта 180 мың тоннаға жеткізу көзделуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер