Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда облысының дамуына қаржы бағыттайды. Ұйым мен қазақстандық аймақтың әріптестігі аясында құны 250 млрд теңгенің 10 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде 5 жоба бойынша жұмыс басталып та кетті.

 

Томас МАЙЕР, ЕҚДБ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Егер өткен жылы біз қалалық көлік жүйесіне инвестиция құйсақ, бұл жылы Қызылорда көшелерін LED-жарықпен қамтамасыз ету жұмысына атсалыспақпыз. Және алдағы ақпан айында Қызылордаға барған кезімде осы келісімге қол қоямыз деген сенімдемін.

 

Биылғы жылдың қазан айында Қызылорда облысы мен қаласының әкімдіктері, Еуропалық қайта құру және даму банкі және оператор компания арасында «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою» жобасын жүзеге асыру келісілген болатын. Ол Қызылорданың санитарлық жағдайын жақсартып, жер қыртысын, жер үсті және жер асты суларын ластанудан сақтайды. Болашақта оның аясында экологиялық таза электр және жылу энергиясын биогаздан өндіру ісі қолға алынбақ. 

 

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Даму банкінен біз болашақта 1 млрд доллар көлемінде инвестицияларды, әсіресе Қызылорда облысының оның ішінде облыс орталығы Қызылорда қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қаражат алып отырмыз. Бұның бәрі біздің жерлестеріміздің халықаралық стандартқа сәйкес өмір сүруіне және тиісті инфрақұрылымның болашақта даму жобаларына септігін тигізетіндігіне ешқандай күмәніміз жоқ.

 

Банк басшылығы жоспарланған инвестициялар бөлініп, барлық бастамалар соңына дейін жеткізілетіндігіне сендірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер