Астанада 100-ден астам бүлдіршін отандық дизаинерлердің жаңа туындыларын таныстырды. «Kazakhstan Kids Fashion Show» жобасының биылғы тақырыбы «Тәуелсіз елдің болашағы» болды. Шараға алғашқыда 300 бала қатысқан. Ұйымдастырушылар олардың қарым-қабілеті мен артистік шеберлігіне қарай іріктеу жүргізген. Ең үздік дегендері  сән әлемінің сахнасына көтерілді. Ерекшелігі сол – киімдердің басым бөлігі ұлттық нақышта тігілген. «Kazakhstan Kids Fashion Show» осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Жақында ол Орталық Азиядағы ең үздік балалар жобасы деп танылған.

 

Махаббат ЕСЕН, ЖОБАНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

Бұл, біріншіден, дизайнерлер үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені, балалардың киіміне қатысты ауқымды жоба бізде бұрын-соңды болмаған. Екіншіден, бүлдіршіндер сән әлемімен жақын танысады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер