Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамытуға 11 млрд доллардан астам қаражат бағыттамақ. Халықаралық ұйымдардың өкілдері мен дипломаттар «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты. Олар бағдарламаның Қытай ұсынған «Жібек жолы экономикалық белдеуімен» ұштасатын тұстары жайлы ақпар алды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстан жүктерді Шығыстан Батысқа тасымалдайтын ірі логистикалық оператор болуды көздеп отыр. Елімізде соңғы 5 жылда бұл салаға 23 млрд доллардан астам инвестиция бағытталған. Осының арқасында Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 19 сатыға көтеріліп отыр.

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Елбасымыз теңізге шыға алмасақ та, екі жағымызда үлкен екі мұхит бар, дейді. Олар  - Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ нарығы. Сондықтан «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар көлік дәлізін құруға бағытталған. Осылайша, көлік жүйемізді «Шығыс-Батыс», «Батыс-Шығыс» бағыттары бойынша дамытпақпыз.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобалары сауда-саттық жүргізуді жеңілдету, сапалы көлік-логистикалық инфрақұрылым құру және транзиттік тасымалды қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, дейді сарапшылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер