Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ықпалдастығы ілгерілей түсті. Бұл туралы  Парижде «Еуразия апталығының» ашылуында беделді ұйымның Бас хатшысы Хосе Анхель Гурриа мәлім етті. Еуразия елдерінің жыл сайынғы диалог алаңына биыл Ұйымға мүше болып табылатын 13 мемлекеттің өкілдері жиналды. Шара барысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың бейнемәлімдемесі көрсетілді. Үкімет басшысы қатысушыларды Еуразия құрлығының дамуына қатысты ел президентінің тұжырымдамаларымен таныстырды. Шараға жиналған сарапшылар Қазақстанның құрлықтағы ең беделді ойыншылардың бірі екенін атап көрсетті.  

 

Уильям ТОМПСОН, ЭЫДҰ ЕУРАЗИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының белсенді серіктесі. Біз қазір 2 жылға жоспарланған жолдастық жобамызды аяқтайын деп қалдық. Ұйым ішіндегі бірнеше комитет Қазақстан араласқан шаруалардың барлығы жемісті болғанын айтады. Қазақстан үкіметі де бағдарлама басталғалы бері 60 шақты жаңа шара қабылдады. Біз енді Қазақстанмен байланысты нығайтуды ойлаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер