Елордада мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыру жолдары сараланды. Халықаралық ұйым өкілдері мен сарапшылар ғаламдық әріптестікті нығайтып, ортақ мақсаттарды жергілікті жерге бейімдеудің жолдарын қарастырды. Еске салсақ, 2000 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та өткен саммитте Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің басшылары Мемлекеттер дамуының 17 негізгі мақсатын қамтитын Мыңжылдық декларациясын қабылдаған болатын. Стратегиялық құжаттың тұрақты даму міндеттерін орындауды мойнына алған 192 елдің қатарында Қазақстан да бар.

 

Норимаса ШИМОМУРА, БҰҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ, БҰҰ ДБ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Әлем мемлекеттерінің алдында Мыңжылдық даму мақсаттарын өздеріне бейімдеу мәселесі тұр. Ортақ жобаны жүзеге асыруда әрбір ел өз ұсыныстарын айқындап алуға тиіс. Адамзат өмірін жақсартуға арналған әлемдік бастамалар бәрімізге қатысты. Сондықтан ұлттық мүделер ескерілуі тиіс. Сонда ғана жұрт тың жобаға бір адамдай жұмыла кіріседі.

 

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқықтарын қорғау сияқты мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізген. Мұның барлығы «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылып отыр. Ендігі міндет - ғаламдық жобаның басымдықтарын өзге мемлекеттік бағдарламаларға кірістіру. Осы ретте ұлттық мүдде мен құндылықтар ескерусіз қалмауы тиіс.

 

Ернар ЖАРКЕШОВ, АСТАНАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК  ХАБ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан өңірде ғана емес, әлемде бірқатар бағыттар бойынша көшбасшы болып табылады. Оның бірі елдерді бір платформаға әкеліп, әсіресе, мемлекеттік қызмет саласындағы органдарды бір платформаға әкеліп пікір алмасып, сапалы мемлекеттік институттарды қалай дамыту керек деген мәселелерді қозғап жатыр.

 

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда тек мемлекеттік қызмет жүйесімен шектеліп отырған жоқ. Ортақ іске азаматтық қоғам, ғылым мен мәдениет салаларының өкілдері мен жастар белсене атсалысып келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер