Әлем студенттері арасындағы дүбірлі доданың басталуына екі ай қалды. Алматыдағы дайындық жұмыстары аяқталып, қызмет көрсету саласы қонақтарды қарсы алуға әзір. Жиырма сегізінші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 57 елдің өкілдері қатысуға ниет білдірген. Екі мыңнан аса спортшы 12 спорт түрінен сайысқа түседі. Жалпы саны 83 медаль сарапқа салынбақ. Дүбірлі додаға арналған естелік заттар да сатылымға шығарыла бастады. Қазірдің өзінде ұлттық нақыштағы 20 түрлі кәдесый дүкен сөрелеріне тізілген. Жалпы, Универсиадаға арналған 40 түрлі естелік бұйым қонақтарға ұсынылмақ.

 

НАИЛЬ НУРОВ, УНИВЕРСИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кәдесыйлар – еліміздің даңқын әйгілейтін құралдардың бірі. Келетін қонақтар міндетті түрде өздерімен бірге отандарына Қазақстанды, Алматыны еске салатын кәдесыйларды ала кеткісі келетіні сөзсіз. Әрине, көз тартар кәдесый өнімдерін жасап, әр қонақтың көңілінен шығу өте маңызды. Оның алғашқылары қазір дүкендерде сатыла бастады. 

 

 

 

Сурет: informburo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер