Лондондағы әйгілі Корольдік географиялық қоғамында Ұлы жібек жолына арналған көрме ұйымдастырылды. Шара барысында тарихта айрықша орны бар, керуен жүріп өткен елдер туралы айтылды. Корольдік географиялық қоғам – 180 жылдан астам уақыт бұрын құрылған ғылыми ұйым. Қазір ол географиялық зерттеулер саласында бүкіләлемдік көшбасшы орталық саналады.

 

Весна ПЕТКОВИЧ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 Шыны керек, Еуропада Орталық Азияның қазіргі мүмкіндіктері туралы аз-кем білетіні мені таң қалдырды. Мен мысалы, Қазақстанның тек табиғи ғана емес, адами ресурстарға да бай екендігін білемін. Сіздерде білім мен ғылым жақсы дамыған. Сіздер ұлттық мұраға байсыздар. Көбіне мемлекетті салт-дәстүрлері арқылы таниды.

 

Магнус Барлет – танымал британиялық баспагер. Ол Қазақстанда бірнеше рет болып, кең байтақ даламыздың кеңдігіне тәнті болғанын айтады. Өз қызметінде тапсырыс берушілердің өтінуімен осымен үш рет республиканың картасын басып шығарып берген екен.

 

Магнус БАРЛЕТ, БАСПАГЕР:

Қазақстанның жер көлемі бүкіл Еуропамен пара-пар екендігі мен үшін жаңалық болды. Пайымдауымша, бұл - көпшілікке беймәлім дүние. Сондай-ақ, маңызды мәселелердің бірі - Қазақстан халқына білікті басшы бұйырды.

 

Бұл күні көрмеге келушілер Қазақстан жайлы біраз мағлұматқа қанықты. Әсіресе, оларды келер жылы Астанада өтетін халықаралық ЕХРО көрмесі қызықтырды. Британиялықтар бітімі бөлек, табиғи және географиялық ерекшеліктерден кенде емес Қазақстанға бару туралы ойлайтындықтарын жасырмады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер