2 желтоқсан «Mega Alma-Ata» ойын-сауық кешенінде 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды.  Ашылу салтанатына Универсиаданың жұлдызды елшілері, қазақстандық спортшылар, өнер майталмандары, танымал блогерлер мен тележүргізушілер қатысты. Шара барысында жиналған қауым арасында сыйлықтар мен Универсиада билеттері ойнатылды. 

 

2017 жылғы Универсиаданың тикет-офисінің ерекшелігі, мұнда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға билеттер сату жүзеге асырылады. Яғни, ардагерлер, мүгедектер және студенттер жеңілдетілген бағалармен билеттер ала алады. Бұл жерде билеттерді ауыстыруға, қайта өткізуге, шот-фактура алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады.  2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу дирекциясы директорының айтуынша, осындай әмбебап тикет-офистің болуы аса маңызды. «Біз үлкен шараларда қолданылатын барлық ұсыныстарға, стандарттарға, талаптарға мән беруге тырыстық.  Мұндай тикет-офистің болуы, қарапайым кассаларда қиындықтар мен мәселелер туындамауы үшін аса қажет. Универсиаданың болашақ қонақтары үшін жайлылық тудырмақ».

 

Қазіргі уақытта, Универсиаданың барлық сайыстарына билеттер сатылуда. Сондай-ақ, кейбір спорт түрлерінің жартылай және финалдық билеттері сатылымда. Алматы қаласы бойынша  (Б. Шолақ спорт сарайы, Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, «Меломан») және Астана қаласы бойынша («Хан Шатыр», «Меломан» «Керуен», «Мечта», «My Town»). Бұдан бөлек билеттерді онлайн сатылым арқылы Универсиаданың ресми www.almaty2017.com сайтынан,  Kassir.kz, Ticketon.kz, Bilet.meloman.kz, Biletiastana.kz және Koncertyastany.kz арқылы алуға болады. Билеттер сату бойынша біріңғай call-ортылықтың телефоны: +7 /727/ 346-6-346.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер