Қазақстан-Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық палатасы құрылмақ. Ұйым келер жылы жұмысқа кірісетін болады. Қазақстанның бастамасымен құрылған ұйымның бас кеңсесі Сингапурде орналаспақ. Палата инвесторлардың құқығын қорғап, іскерлік келіссөздер жүргізумен айналысатын болады. Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Еуразиялық экономикалық одақ нарығында бизнесін жүргізуге мүдделі  барлық компаниялар KAPTIC-ке мүше бола алмақ. Қазіргі таңда ұйымға Сингапур, Вьетнам және Малайзия елдері қызығушылық танытуда.

 

Үсен СҮЛЕЙМЕН, ҚР СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Транспорт-логистика жағынан екі компания бар. Олар қазіргі Ляньюньган портын пайдаланып, бізге логистика жағынан көмек бермекші. Бізге де сондай жоба алып келеді. Біреуі - Жамбыл облысындағы химиялық кластер. Оңтүстіктің кластеріне келмекші. Бірақ оған біздің инвестициялық гарантиялар керек.

 

Елшінің айтуынша, сингапурлықтардың Еуразиялық экономикалық одақ нарығына қызығушылықтары жоғары. Бұған елдің одақ аясында еркін сауда жөніндегі келісім-шартқа қол қою жөніндегі бастамасы дәлел. Құжат күшіне енсе, екіжақты тиімді серіктестік орнайды, дейді мамандар. Сондай-ақ, 2017 жылы екі ел арасында инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімге қол қойылмақ. Сингапур елінің Қазақстанға бағыттаған жалпы инвестиция көлемі 832 млн доллардан асады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер