Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері әлемге танылып жатыр. Ұлттық ғылым академиясының геология және техникалық ғылымдар сериясының журналы Scopus  халықаралық базасына енді. Бұл мәліметтер қоры - көптеген елдер үшін ғылыми ақпарат алудың қайнар көзі. Мұнда 5 мыңға жуық халықаралық баспалар және Орталық Азия елдері арасында ең алғашқы болып Қазақстан ғалымдарының жұмыстары тіркелген. 

 

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің ғалымдарымыз енді Еуропа, бүкіл әлем көлемінде өздерінің ғылыми жетістіктерін жариялайтын болады. Біздің журнал 770-тен аса мемлекетке тарайды. 8 журналымыздың бәрі. Бұл Қазақстан ғалымдарының жетістіктері дүниежүзіне әйгілі болып жатыр деген сөз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер