«Рядом с Первым». Осындай атаумен Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде кітаптың тұсауы кесілді. Бұл - саяси естеліктерден құралған жинақ. Ал кітаптың авторлары: Қазақстан Парламентінің қос палатасының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, сенат депутаты Нұртай Әбіқаев, премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов және жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми. Олар ширек ғасыр аралығында Қазақстанның даму сатысына қатысты өз естеліктерімен бөліседі. Авторлар елбасының көшбасшылығы, жаңа елорданың құрылуы, сыртқы саясаттағы ахуал, бейбітшілікті сақтау жолындағы бастамаларға тоқталады.

 

МАРАТ ТӘЖИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙДЕГІ ЕЛШІСІ:

Бұл – 6 мемлекеттік қайраткердің кітабы. Олардың әрқайсысы мемлекеттің қалыптасу жолынан бастап елбасының қасында еңбектеніп келеді. Сондықтан өз басыма келсем, саяси тұрғыдан бөлек, қарапайым оқырман ретінде естеліктерін оқу қызықты.

 

ГЕОРГИЙ ПРЯХИН, БАСПАГЕР:

Бұл кітаптың ерекшелігі - авторлар президентті жақыннан таниды. Мемлекеттік маңызды бастама, шешім қабылданғанда олардың әрқайсысы болған. Сондықтан, кітап қызықты шыққан деп айта аламын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер