Киевте Қазақстан туралы кітаптың таныстырылымы өтті. «Орталық Азия барысы» деп аталатын туындының авторы - Украинада есімі танымал публицист және зерттеуші Николай Степаненко. Ол бұл жинақта егемен елдің қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, экономиканы жаңғырту, демократиялық қоғамды қалыптастыру және сыртқы саяси басымдықтардан құралған Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына ерекше назар аударған. Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынастарына бөлек тарау арнапты. Автордың ойынша, қос мемлекет бүгінде уақыт нығайтқан достықтың арқасында сенімді серіктеске айналып отыр.

 

Николай СТЕПАНЕНКО, КІТАПТЫҢ АВТОРЫ:

Бұл - ұзақ уақыт пісіп жетілген идеялардан жинақталған кітап. Қазақстанмен арадағы байланыстардың қандай екенін украиналықтарға айтатын кез жетті. Сонымен қатар, тереңнен тамыр алатын тарихымызды да қосуды ұмытқан жоқпын.

 

Александр ПУХКАЛ, САЯСАТТАНУШЫ /УКРАИНА/:

Соңғы жылдары қазақстандықтардың әл-ауқаты 3 есе жақсарды. Ал бұл арада көптеген посткеңестік елдерде экономикалық әлеует төмендеп барады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер