Астана мен Лондон экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуде. Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясында құны 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 8 құжатқа қол қойылды. Келісімшартта екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы қамтылған. Жер қойнауын пайдалану, инновация және технология,  жаңартылмалы энергия көздері бойынша келісілген құжаттардың  біреуі үкіметаралық болса, жетеуі - коммерциялық. Маңызды мәмілелердің қатарында Степногорск қаласында мыс және алтын өндіру ісі бойынша GRK Aksu және Central Asian Metals компаниялары арасындағы меморандум бар. Айта кету керек Central Asian Metals кен өндіру компаниясы Қазақстанда осы уақытқа дейін 74 млн. АҚШ доллары көлемінде салық төлеп, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашқан. 

 

НИК КЛАРК, "CENTRAL ASIAN METALS" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін біз Ақмола облысындағы Степногорск қаласында мыс пен алтын өндірісін жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойдық. Бүгінде біз Балқаш маңындағы «Қоңырат» кен орнында мыс өндірісінің жобасымен айналысып жатырмыз. Біз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеміз.

 

Қуат күшін дамыту өндірістік ісі бойынша Ұлыбританиядағы алдыңғы қатарлы Independent Power корпорациясының өкілдері де кездесуге қатысты. Олар 20 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанға жаңа буынды экологиялық таза технологиялар жеткізумен айналысып келеді.

 

ПИТЕР ЭРЛ, «IPC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 Бір жыл бұрын біз «Қазтрансгаз» компаниясымен бірге Қазақстанда жаңа құбыр желілеріне жалғанған зауыттар салу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатынбыз. Бүгін енді Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңа қуат күшін дамыту өндірістік ісін қолға алып жатырмыз.

 

Бұл күні Қызылорда облысы әкімдігі мен Британиялық  «Energy Metals» компаниялары арасында қара тақта тасты өңдеу жобасының екінші және үшінші кезеңдерін қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды.

 

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жаңадан үлкен жобамыз бар. Ванадийді өндіруді шығаратын өндірістің құрылысына 125 млн АҚШ доллары инвестиция әкелетін, болашақта 700 жұмыс орнын ашатын Шиелі ауданындағы «Бала сауысқандық» кен орнындағы өндірісті ашу туралы. Оның дайындық жұмыстары бәрі өткізілді. Соңғы төрт жылдың ішінде өнімнің жобасы метанованадат Америкада, Тайваньда, Ресейде, барлық мемлекеттерде сұраныстың барлығын сараптап болғаннан кейін стратегиялық инвестормен бірге және Қазақстанның инвестиция және даму министрлігімен бірлесе осы келісімге қол қойдық. 

 

Сонымен бірге білім, ғылым және технология тақырыптары қозғалды. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы аясында инвестициялық мүмкіндіктер сараланып, «ЕХРО-2017» көрмеснің әлеуеті таныстырылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер