Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті. Іскерлердің кездесун еліміздің Түркиядағы елшілігі, Инвестициялар және даму министрлігі, КAZNEX INVEST ұлттық агенттігі ұйымдастырды. Алқалы жиынға 100-ге жуық іскер топ өкілдері қатысты. Оның 30-ға жуығы осыған дейін елімізге арнайы сапарлап, индустриалды аймақтардың жұмысымен танысып қайтқан. Енді жекелеген кәсіпкерлер Қазақстанның бірқатар өндіріс салаларына инвестиция салмақ. Мысалы, Ozbegen Gida (Өзбеген Гыда) компаниясы Алматы облысында ірі жылыжай кешенінің құрылысын аяқтады. Ал  SA Istanbul (СА Истанбул) келесі жылдан бастап Қазақстанда тоқыма өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 1 мын 600 кәсіпорын жұмыс істейді. Түрік инвесторлары осы күнге дейін өңдеуші секторда 40-қа жуык инвестициялық жобаны іске асырды.

 

Турхан ЭТИН, ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанның «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі ақпараттық және құқықтық жағынан көрсеткен қолдауының арқасында биыл Алматы қаласында каучуктен жасалатын құрылыс заттарын өндіретін фабрика аштық. Біздің негізгі тұтынушыларымыз - құбыр шығаратын кәсіпорындар. Алғашқыда шикізатты өңдеуде біраз қиындықтарға тап болдық. Бірақ қазір барлық мәселе оңынан шешілді. Бізді Қазақстанның жоғары инвестициялық мүмкіндіктері мен Еуразиялық экономикалық одақтың кең нарығы қызықтырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер