«Made in Kazakhstan» ұлттық брендінің қаншалықты  сәтті жүзеге асырылатындығы мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының үйлесімді жұмысына байланысты. Осылай деген Мәжіліс депутаттары бұл байланысты нығайтудың жолдарын ұсынды. Олар бұл үшін халықаралық нарықтың қолжетімділігі мен Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін пайдалану қажет дейді.

 

МЕЙРАМ ПІШЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан өзін-өзі барлық тауарлармен дәрі, тамақ, машина жасау бәрі 80-90 пайызға өзімізді қамтитын мүмкіндігіміз бар. Оның үстіне көрші мемлекеттерге экспортқа шығаратын мүмкіндіктеріміз бар. Ол қазір ұлғайып жатыр. Кәсіпкерлер де түсінді.

 

Сондай-ақ халық қалаулылары шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы әзірлеу қажет деген пікірде.

 

СӘУЛЕ ШӘУЕНОВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Қайта өңдеу өнеркәсібі маңызды салалар қатарында. Сондықтан біз бірлесіп, жақын және алыс шетелде сұранысқа ие болатын сапалы өнім шығарудың жолдарын қарастыруға тиіспіз. Бұл қазіргі таңда басты міндетіміз болып отыр.

 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасындағылар болса, жаңа бағдарламаны құрастыруға кірісіп те кетті. Ол отандық кәсіпорындарға экспортқа шығуға мүмкіндік бермек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер