30 қарашада Астанада Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғ., 5)  ASTEX Astana Smart City 2016: «Бақытты өмір сүруге арналған ақылды қала» халықаралық форум-көрмесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

 

Шараны Астана қаласының әкімдігі және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің, «Астана Innovations» АҚ және «Транстелеком» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырды. Оған АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінен 300-ден аса қонақ келеді деп күтілуде.

 

Форум шеңберінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтың және смарт-қалаларда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен панельдік талқылаулар жоспарланған. Сарапшылардың қатарында City Smart Up негізін қалаушы және басқарма мүшесі Ренато де Кастро, IDC «ақылды қалалар» жаһандық бағдарламасының директоры Ругби Кларк және т.б. бар. 

 

Тараптар өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған смарт-технологиялардың инновациялық дамуына қатысты кең көлемді мәселелерді талқылайды. 

 

Халықаралық елдерден келген спикерлер «ақылды қаланы» құру кезіндегі шешімдердің, цифрлаудың перспективалары туралы жобаларын таныстырып. Басқа да өзекті үдерістер туралы айтып береді. Сондай-ақ, форум шеңберінде «Үндеулер, перспективалар және стандарттау» тақырыбында ауқымды конференция өтеді. 

 

Шараның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 20-дан аса меморандумға қол қою жоспарланған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер