Қазақстан жастары әзірлеген инновациялар өндірісте пайдаланылуда. Мысалы, Орта Азиядағы ең ірі қаптама өндіруші кәсіпорын семейлік студент жасап шығарған тапсырыстарды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін қолданысқа енгізген. Және мұндай мысалдар аз емес. Жас ғалымдардың идеяларына қолдау көрсету мақсатында Алматыда арнайы форум өтті. Мұнда жастар өздерінің жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алды. Қазақстандық 300 жас ғалыммен бірге, Ресей, Беларусь, Армения және басқа да елдердің жастары өз жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ, шара аясында әлемге әйгілі ғалымдар дәріс оқыды.

 

Мaхмұт ТОМАНОВ, ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жас ғалымдардың жұмыстарын тек қана мемлекетке емес инвесторларға көрсетейін деп едік. Бізде екінші күн Pitch-сессия болады. 3 минуттың арасында барлық жас ғалымдар өздерінің проектілерін көрсетеді.

 

Ал Шымкент жастары қалдықтарды кәдеге жаратудың жолын ұсынды. Олар қорғасын өндірісінің зиянды заттарын шөппен көмкеруге болады дейді. Яғни жабайы өсімдіктердің майлы қара топырақта да өсе алатынын дәлелдеп отыр.

 

Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:

Ол проект өте қымбат емес.Ол үшін біздің студенттер қалдықтың үстінде өсетін шөптерді таңдады. 400-ге жуық шөптің ішінен 5-6 шөп осы қалдықтардың үстінде өсуге мүмкіндігі бар екен. Сол шөптердің ұрығын алып, дайындап жатырмыз.

 

Студент жастардың экология мен баламалы қуат көзін өндіруге қатысты жобалары өте көп. Соның бірі – Сафина Юлдашеваның «Жасыл кеңсе» жобасы. Жас эколог Еуропаға барып жарты жыл білім алып келіпті. Ол кеңседегі ақ қағазды үнемдеу арқылы ағаштардың жаппай қырқылуын тоқтатуға болатынын айтады.

 

Сафина ЮЛДАШЕВА, СТУДЕНТ, ЖАС ЭКОЛОГ:

25 жылда біздің мемлекетіміз әлдеқайда алға ілгерілеп, тез дамып кетті. Сол өсу деңгейімізге қарай біз қоршаған ортамыз бен сүйікті қаламыздың тазалығын сақтауымыз керек. Өйткені бұл екеуі еліміздің негізгі дамушы факторлары болып есептеледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер