Қытай журналында Қазақстан туралы мақала жарық көрді. «Энциклопедиялық білім» басылымы жариялаған материалдың авторы – жас журналист Лю Ваньцзян. Ол Қазақстанның тәуелсіздік алған 25 жылдағы жетістіктері, осы уақытта қабылданған мемлекеттік шешімдер туралы жазады. Мақаланы жазуға еліміздің экономикалық және дипломатиялық салалардағы табыстары түрткі болған. «Қазақстанның қысқа уақыт ішінде түрлі реформаларды іске асырып, ішкі тұрақтылығын сақтап қалғаны таң қалдырады. Ал ядролық қарудан бас тарта отырып, Қазақстан бүгінгі әлемде қауіпті арсеналсыз өмір сүруге болатынын дәлелдеп берді»,-дейді журналист Лю Ваньцзян.

 

Лю ВАНЬЦЗЯН, ЖУРНАЛИСТ:

Бүкіл әлем Қазақстанға осы шешімі үшін алғыс айтуға тиіс, өйткені бұл шешім тұтастай бір аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашты. Егер Қазақстан ядролық қарудан бас тартпаса, оның көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары басқаша болатын еді. Нұрсұлтан Назарбаев «XXI ғасыр - экономика ғасыры, бізге бейбіт өмір қажет» дей отыра, халықты бірлік пен достыққа шақырды. Бұл Президенттің дана шешімі екені сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер