Санкт-Петербургтегі қазақтың көрнекті қоғам және саяси қайраткері, Ресейдің тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты (1906 ж.) Әлихан Бөкейхановтың бюсті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты өтті деп хабарлайды Baq.kz.

 

Бюст Ресейдің алғашқы Думасының отырысы өткен Таврия сарайындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Скульптураның авторы белгілі мүсінші Өмірзақ Шаңов.

 

«Қазақстан Тәуелсіздігінің25 жылдығы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялысының көрнекті өкілі Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толған жылы Санкт-Петербургтегі Таврия сарайына осы бюсттің орнатылуының ерекше маңызы бар. Осы мерейтойға байланысты естелік шаралар ЮНЕСКО аясында аталып өтіп жатыр. Әлихан Бөкейхановтың қызметі биік адамгершіліктің, ұлттық және азаматтық парызына кіршіксіз адалдық пен шынайы берілудің үлгісі болып табылады», - деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Салтанатты жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы, Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Әзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадов сөз сөйледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер