Ресейдің ең ірі сауда орындарында қазақстандық өнімдер саудалануда. «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі «Қазақстан тауарларының апталығы» шарасын ұйымдастырып отыр. Ресейлік тұтынушыларға 40 қазақстандық өнім түрі ұсынылды. Сөрелерге негізінен шоколад, май, кондитерлік және макарон өнімдері қойылды. «Акцияның басты мақсаты – «Қазақстанда жасалған» брендін таныту», - дейді ұйымдастырушылар. Ал отандық өніміміз танымал болса, оған деген сұраныс артып, бәсекеге қабілетті бола түспек.  

 

Александр КОСТРИКОВ, САТЫП АЛУШЫ:

Мен біздің дүкендерімізде қазақстандық тауарлардың пайда бола бастағанына қуаныштымын. Өйткені олар жоғары сапалы әрі бағасы жағынан да тиімді. Қазіргі таңда импорттық тауарлар көп, ал көршілеріміздің өнімдерін іздеп, таба алмайтын да кездеріміз болады».

 

Әнуар БЕЙСЕКОВ, НОВОСІБІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ «KAZNEX INVEST» БАС ӨКІЛІ:

Қазақстандық тауарлар Ресейдің Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемерово, Томск және Новокузнецк сынды 6 қаласында саудаланады. Шара мыңнан астам сауда орындарын қамтиды. Біз ресейлік тұтынушылар отандық өнімімізді тиісті бағалап, қазақстандық тауарға сұраныс артады деген сенімдеміз. Шараның арқасында сауда желілерімен байланыс орнатуды көздеп отырмыз.

 

 

 

Сурет: Tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер