Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан әлемдік аренадағы беделді ойыншыға айналды. Брюссельде өткен брифинг барысында Еуропалық сыртқы істер қызметінің өңірлік бағдарламалар бойынша бұрынғы үйлестірушісі Пьер Боргольтц осылай деп мәлімдеді. Жиынға қатысушылар Қазақстанның өткен 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін атап көрсетті.

 

Пьер БОРГОЛЬТЦ, ЕУРОПАЛЫҚ СЫРТҚЫ ІСТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Бүгінде Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың маңызды әріптесі. Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы елдің халықаралық аренадағы рөлін көрсетіп отыр. Мемлекеттің орташа табысы еселеп артты. Қазір Азия елі әлемдік және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыт алып, елде жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мән беріліп жатыр. Бүкіл Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, келер жылы ЕХРО көрмесін жоғары деңгейде өткізуге тілектеспін.

 

Алмаз ХАМЗАЕВ, ҚР БЕЛЬГИЯ, ЛЮКСЕМБУРГ ЖӘНЕ НАТО ЖАНЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Ширек ғасырда Қазақстан орташа табысы бар, халықаралық қауымдастықта беделі жоғары елге айналды. Елдегі адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 20 есе артып, 600-ден 12 мың долларға өсті. Осы уақытқа дейін елімізге 230 миллиард доллар инвестиция тартылып, ТМД елдері арасында көш бастап тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер