Қазақстанға келген 6 жарым миллион шетелдіктің бір жарым миллионы – ресейлік саяхатшылар. Туристік сала сарапшылары Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне де, Ресей азаматтары көптеп келеді деп сенеді. Бұл ел бүкіл әлем көз тігетін көрнекті шарада аумағы бір мың шаршы метрден асатын ең үлкен павильонды ұсынады. Мәскеуде өткен жиында екі елдің бизнес қауымдастық өкілдері мен сала мамандары Қазақстанның туристік әлеуетін талқылады. Мақсат – ресейлік туристерді көптеп тартып, қызмет көрсету түрлерінің нақты жобаларын ұсыну.

 

Юлия ЯКУПБАЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА МҮШЕСІ:

Біз Ресейдің туризм агенттігімен меморандумға қол қойып, туризмді екі жақты дамытуға уағдаластық. Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысына қатысатын барлық елдер үшін көшпелі туризм ұйымдастыруымыз мүмкін. Шекаралық аумақтарда үлкен әлеует бар, ол аймақтарда 32 миллион адам тұрады. Ресей Федерациясымен ынтымақтастыққа мүмкіндік молынан жетеді.

 

Юлия ЛОПАРЕВА, «ЕХРО-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ РЕСЕЙЛІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Мұндай ірі шара Қазақстанда, қала берді Орталық Азияда алғаш рет өтіп отыр. 2012 жылдан бастап қазақстандық ұйымдастырушылардың мүмкіндігі кеңейіп, қызмет ауқымы ұлғайғанын байқадық. Ресей тарабы дайындыққа 2015 жылдан кіріскен. Біз «ЕХРО»-ға тың серпін беретін іскерлік иедяларына толы, әрі қызықты бағдарламаны бірлесе жүзеге асырғымыз келеді. Осы бағытта нақты шаралар жасауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер