Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы (KSAC) ҚХР-дың Шэньси провинциясының Сиань қаласында «Бауырсақ күні» шарасын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

 

«Қазақстандық мәдениетті жат жердің халқына паш ету мақсатында KSAC ұйымының 40-қа жуық белсенділері «Интеграция» халықаралық ұйымы өкілдігінің қаржылай қолдауымен қаладағы Датансиши алаңында «Бауырсақ күні» акциясын ұйымдастырды.

 

«Біз мұнда тек бауырсақ дайындап қана қоймай, түрлі салаттар мен тәтті тағамдарды да дайындадық және оларды қонақтарға таратып бердік. Домбыра тартып, ұлттық билерді биеліп, елімізде алдағы уақытта өтетін «Астана -ЭКСПО-2017» шарасын насихаттадық»,-деді KSAC ұйымының Сиань қалалық бөлімшесінің төрағасы, Чанъань университетінің «халықаралық қатынастар және сауда» факультетінің 4-ші курс студенті Жансерік Тұрсынбек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер