Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған.

 

Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер