Бейжіңде қазақстандық ет өнімдерін өндірушілер өз тауарларын таныстырды. Қазақстандық кәсіпкерлер ANUFOOD Сhina-2016 азық-түлік көрмесіне бірінші рет қатысып отыр. Онда негізінен Ақмола, Павлодар, Тараз және Оңтүстік Қазақстанда ет өнімдерін, соның ішінде сиыр, күрке тауық, шұжық шығаратын кәсіпорындар өнімдерін апарған. Мәселен, тек оңтүстікқазақстандық өнімдерге 30-ға жуық қытайлық компания қызығушылық білдірді. Қазақстан мен Қытайдың осы саладағы кәсіпорындары бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Олар ет өнімдерін тасымалдауға қатысты кейбір талаптар мен кедергілердің алынуын күтіп отыр. Ресей мен Қырғызстанға күркетауық етінің өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорын да көршіміздің үлкен нарығына шықсақ, жаңа мүмкіндіктер ашылар еді дейді. 

 

Динара ТҰТҚЫШБАЕВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Осы көрме бізге үлкен мүмкіндік беріп жатыр, жаңа әріптестер табуға ыңғайлы. Қазақстанда өндірілетін күркетауық еті табиғи өнім болып есептеледі, Қытайда үлкен сұранысқа ие болады деген үміттеміз.

 

Жәлел БОЛАТОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Көптеген келіссөздер жүргіздік, қазақстандық өнімдерге қызығушылық өте жоғары. Қытайлық кәсіпкерлер қазірдің өзінде сатып алуға дайын, өйткені олар біздің өнімді сапасы жоғары әрі экологиялық таза деп біледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер