Ежелгі Жібек жолы бойындағы тарихи шаһарларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу қажет. Қызылордада Қазақстанның ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысында осындай бастама көтерілді. Мамандардың айтуынша, «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» жобасы негізінде Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және біздің елдегі ескі қалалар зерттеуге алынған. Ұлы Жібек Жолы - Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орталық Азия және Қазақстан жерінің үстімен өтеді. Әсіресе, Сырдария өзенінің бойында орналасқан қалалар көп болған. Сараптамалық кездесуге ұсынылған 16 ескерткіштің тең жартысы Қызылорда облысының аумағында.

 

Карл БАЙПАҚОВ, «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:  

Соңғы 5 жылда елімізде үлкен қозғалыс бар. Көптеген қалалардың орны табылды. Мәселен, Арал теңізінің табанында да бір замандары адамдар тіршілік еткендігі анықталып отыр. Бұл жұмыстарды жалғастыра түсуіміз қажет. Жалпы, тәуелсіздік жылдарындағы жұмыстарды жоғары бағалауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер