Қазақ өнерпаздары Италияда концерт қойды

Қазақ өнерпаздары Италияда концерт қойды

«Қазақконцерт»  ұжымы Италияда өнер көрсетті. Әуезді кештер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Өнерпаздар қазақ халқының ұлттық әндерінен бөлек, классикалық туындыларды да ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

 

БЕКАЙДАР ҚАЛИЕВ, «СЕРПЕР» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз осы концертімізде барлық аспаптарды алып келіп, музыканың әр түрін ұсындық. Әсіресе мына екі шектен соншама музыка қалай шығып жатыр деп таңданған көрермендер көп болды.   

 

Миландағы концерт көрермен көңілінен шықты, ендігі кезекте - Рим.   

 

АЗАМАТ ЖЫЛТЫРКӨЗОВ,  ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл кісілерді бірдеңемен таң қалдыру өте қиынға соғып келеді. Бұл кісілер өнердің де, моданың да хас шеберлері. Бірақ біз сонда да өзіміздің ұлттық өнерімізді паш етіп, класикалық Италияның туындыларын да орындап. олардан кем емес деп ойлаймыз.

 

Санта-Чечилия академиясының залы - Римдегі ең танымал ғимараттардың бірі. Ұлы дала музыкасы мұндағы адамдарға таңғажайып естіледі. Концерттік бағдарлама қазақ музыкасының мәдениетін толыққанды жеткізу үшін құрылған. Дәстүрлі домбыра, қасиетті қыл-қобыз, жетіген мен саз-сырнай Азамат Жылтыркөзов пен Әйгерім Алтынбектердің алтын дауыстарымен астасып жатты.

 

РОБЕРТО ДЖУЛИАНИ, «САНТА-ЧЕЧИЛИЯ» КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл концерт тек бастама ғана деп білемін. Сіздердің әндеріңізді, сіздердің ұлттық киімдеріңізді көру әлі талай жалғасын табады. Себебі, мұндағы халыққа қазақ өнері қатты ұнайды. 

 

Талғамы биік көрерменді тамсандырғаны қазақтың музыкалық аспаптарымен италиялық туындылардың орындалуы болды. «Марио маххабат жайлы тіл қатшы» деп аталатын 1932 жылы алғаш сахналанған көріністі қазақтың домбырасы қайта тірілтті.

 

Осындай концерттен кейін қазақстандық өнерпаздардың шығармашылығын италиялық көрермендер қайта тамашалауға асығады.