Биылдың өзінде 1200 бүлдіршін түрлі халықаралық додада оза шауып, бәйге алды, деп жазады Хабар24.

 

«Балаларға мейірімді Қазақстан» атты  республикалық форум- фестивалін ашқан мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жеткіншектердің осындай жетістіктерін жұртқа жария етті. Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам дарынды бала қатысады. Форум аясында қатысушыларға пікір алмасу алаңдары, түрлі мерекелік концерт, экскурсия ұйымдастырылады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында алғаш рет өтіп отырған шара екі күнге созылмақ.

 

Әлібек Жарылғапов, Қазақ-түрік лицейінің оқушысы (Қарағанды облысы): 
Бүгінгі Астанада өтетін форум Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, әрі үш тұғырлы тіл саясатына негізделген. Қазақстанның болашағына, жас ұрпақтарына не үшін керектігін бізге түсіндіріп отыр.

 

Балалар құқығын қорғау саласындағы түйіткілді мәселелер де форум алаңында талқыланбақ. Қазақстандағы балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, өскелең ұрпақтың болашағы қоғамның әр мүшесін алаңдатуы тиіс. Бұл тұрғыда заңды құжаттарды қабылдау ғана аздық етеді. Бүгін елімізде ресми түрде балалар үшін сенім телефоны қызмет ете бастады. 111 нөмері арқылы кез-келген бала орталыққа хабарласып, көкейіндегі сауалды қоя алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер