Келер жылы елордада өтетін «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысуға 105 мемлекет ресми келісім берді. Қытай, Түркия, Германия бастаған бес ел павильондарын мазмұндық тұрғыда жабдықтауға қызу кірісіп кетті. АҚШ та дайын отыр. Бұл елдің павильонына жауапты компания да белгілі. Арнайы байқау қорытындысы бойынша, жауапты міндет APCO WORLDWIDE компаниясына жүктелген. Бұл туралы Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде өткен кездесуде АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ниша Бисвал хабарлады. Ол халықаралық көрменің мән-маңызына тоқталып, шараның екі ел байланысын нығайтуға сеп боларына сенім білдірді.

 

Марджери КРАУС, APCO WORLDWIDE КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

АҚШ-тың ұлттық павильонын ұйымдастырушы ретінде таңдалып отырғанымыз - үлкен міндет жүктейтін абройлы іс. Америкалық компанияларға «ЕХРО-2017» көрмесінде өз жетістіктерін жоғарғы деңгейде әлемге паш ету үшін аянып қалмаймыз. Бұл - болашақ энергиясымен жұмыс істейтін технолгоияларды таныстыруда үлкен мүмкіндіктер беретін шара.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер